Аймақтар • 16 Ақпан, 2018

Павлодар облысында 2018 жыл "Экология жылы" деп жарияланды

1145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауов әкімдердің жыл сайынғы тұрғындармен  есебі кезінде мәлім етті.

Павлодар облысында 2018 жыл "Экология жылы" деп жарияланды

Суретті түсірген Абзал Қабдіраш

Бұл бастама облыстық мәслихаттың депутаттарымен, Қоғамдық кеңес және экологтармен бірге шешімін тапқан. данды. Негізгі мақсат -өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту. Енді биылдан бастап қоршаған ортаны қорғау жөнінде жобалар қолға алынады. Өңірде  шоғырланған алып өндіріс орындары,  электр стансалары, көмір кеніштері, көптеген  шағын зауыттар, кәсіпорындар жұмыс жасауда. Кәсіпорындар ауаны тазартатын арнайы  электрлі  ауа тазартқыштарын орнату  қажетілікітері де үнемі айтылады.

Болат Бақауовтың айтуынша, қоршаған орта - өңіріміздегі маңызды мәселе. Тұрақты түрде сараптама жүргізу мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Көпшілікті экология мәселесі толғандырады.  Енді  облыс орталығының тұрғындары атмосфералық ауаның қандай екендігін күнделікті көріп біле алады. Арнайы   лэд-экрандар Қ. Сәтбаев-Кривенко, Естай-Кутузов, Қ. Сәтбаев-Торайғыров көшелері және темір жол вокзалында орналасқан.

- Біз қала сыртын, аулаларды, жол бойын жасылдандыру және оларды сақтау бойынша нақты жоспарлар құрдық. Ертіс өзені жағалауы да облыс тұрғындарының демалатын жер. Әр адам соңына қоқыс қалдырмаса және  қоршаған ортаға бей-жай қарамаса, осының өзі экологияның жақсаруына қосқан үлкен үлес, - деді облыс әкімі.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар